Қазақстанның басым облысында демалыс күндері бұршақ жауады, жел күшейеді

Күні: 14:02, 31-05-2019.

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында демалыс күндері бұршақ жауады, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуімен жаздың бірінші демалыс күндерінде Қазақстанның көптеген облыстарында найзағаймен өткінші жаңбыр, бұршақ және желдің екпінді күшеюі болжанады. Ауа температурасы аздап төмендеп, орташа көпжылдық мәнге жақын болады. Бірақ батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температура климаттық нормадан 3…6°С жоғары болады», - делінген жұмада таратылған 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамында.


Жаңалықтармен бөлісу: