Қазақстанның басым облысында жаңбырлы демалыс күндері күтілуде

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында жаңбырлы демалыс күндері күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға Солтүстік Оралдан суық және ылғал ауа массаларының келуі жиі байқалады. Міне, алдағы демалыс күндері де Оралдан келетін суық атмосфералық фронттармен республиканың көптеген аймақтарында жаңбыр және температураның кезекті төмендеуі күтіледі», - делінген 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамында.
Сенбі күні оңтүстікте, жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні солтүстік және орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр болуы ықтимал.
«Республиканың батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашынның тоқтап, солтүстік тропосфералық ағындармен ауа температурасының төмендеуі күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер.

adimage