Қазақстанның батысы мен шығысында ғана сәрсенбі күні жаңбыр жауып, күн күркірейді

Күні: 09:01, 19-09-2018.

Астана. 19 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстанның батысы мен шығысында ғана сәрсенбі күні фронталдық бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Бұрынғысынша Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның өтуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың шығысы мен батысында ғана фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.  Республиканың солтүстігі мен шығысында түнде және ертеңгісін тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарында.  
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады, күндіз +21+23. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.  
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +26+28.
Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, түнде және ертеңгісін кей жерлерде  тұман, +18+23.
Шығыс Қазақстанда, күндіз Алматы облысында кей жерлерде күн ашық, жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, +15+20, +19+24.
Күндіз Қызылорда облысында аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, +29+34.  
Күндіз Алматы облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, Алакөл көлдерінің аумағында 17-22 м/с жел тұрады, +26+31.  
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысында  кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады,  сәйкесінше, +28+33, +20+25, +18+23, +17+22, +13+18, +18+23, +29+34. Бұл ретте Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Павлодар облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, +16+21.
Қарағанды облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, +18+23.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.



Жаңалықтармен бөлісу: