Қазақстанның батысы мен солтүстігінде алдағы үш тәулікте жаңбыр жауады деп болжануда

Күні: 12:28, 26-09-2018.

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – 27-29 қыркүйекте Қазақстанның батысы мен солтүстігінде синоптиктер жаңбыр жауады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Батыс облыстарында жаңбыр тудырған атмосфералық фронттар шығыс бағытында жылжый отырып, көбінесе республиканың солтүстік облыстарында жаңбыр тудыратын болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның қалған аймақтарындағы ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады.
«Сондықтан мұнда айтарлықтай жауын-шашынсыз, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста температураның жоғарылауы, ал солтүстік және орталық облыстарында кішігірім суыту болжанады»,- деп атап өтті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: