Қазақстанның батысында үш күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның батысында үш күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Аптан басында Финляндиядан көп мөлшерде ылғал ала келетін циклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райына әсерін жоғалтпайды. Жауын-шашын сақталады (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауады. Кейбір аймақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында қар жауады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Тек аптаның ортасына қарай Батыс антициклон республиканың басым бөлігіне ауысып, температураның төмендеуі күтіледі. Батыста үш күн бойы жауын-шашын болмайды.

adimage