Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Қазақстанның батысындағы ғимараттар сейсмоберіктік талабы ескеріле отырып салынады, деп хабарлады «Қазақ құрылыс және сәулет ұлттық ғылыми-зерттеу және жобалау инстиутты» АҚ басқарушы директоры Ералы Шоқбаров.
«Қазақстанның батысында ғимаратарға арналған ажңа талаптар әщірленді, яғни егер олар бұған дейін, айталық, сейсмоберіктікті ескермес, енді оны ескереді. Батыс Қазақстанның басым бөлігінде техногенді сипаттағы жер сілкіністері болды», - деді Е.Шоқбаров дүйсенбіде.
Ол Қазақстанда ел аумағын сейсмикалық аудандастыру картасының әзірленгенін нақтылады.
«Бүгінгі таңда сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аудандар саны көбеюде, мәселен, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары сейсмологиялық тұрғыдан қауіпті деп саналмаған еді. Сейсмология институты берген соңғы ақпарға сәйкес олар сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аудандар санатына кірді», - деп түсіндірді ҚазҚСҒЗИ атқарушы директоры.
Қазақстанның батысындағы ғимараттар сейсмоберіктік талабы ескеріле отырып салынады
