Қазақстанның бес облысында қатты жауын-шашынды, тұман және көктайғақ

Күні: 17:35, 29-11-2018.

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның бес облысында қатты жауын-шашынды, тұман және көктайғақ, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Жамбыл облысында 30 қарашада жауын-шашын, күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға айналуымен) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және аса күтіледі. 1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі», - делінген  бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Болжамға сәйкес, Алматы облысында 30 қарашада күндіз жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Түнде кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ, бұрқасын болады. 30 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. 1-2 желтоқсанда түнде ауа температурасы 8-13, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
«30 қарашада күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жел күшейеді. Ауа температурасы 30 қарашада күндіз 4-9 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аязға, 1 желтоқсанда түнде 8-13, кей жерлерде 16 градус аязға дейін күрт төмен-дейді», - деп хабарлады синоптиктер.
Хабарда нақтыланғандай, 30 қарашада Қостанай облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
«30 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Астана қ.: түнде және күндіз 30 қарашада көктайғақ, бұрқасын, тұман, сақталады, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: