Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 сәуір күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, 23-28 м/с дейін күшейеді. Осы күні Шымкент қаласында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Түркістан қаласында да найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан қатты жел соғады, жел қарқыны 15-20, 25 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жел күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Түнде кей жерлерде көктайғақ, найзағай сақталады. Дауылды ескертудің ықтмалдығы 95-100%.
«19 сәуір түнде Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, таңертең және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, жел қарқыны секундына 9-14, таңертең және күндіз 15-20 метрге дейін күшейеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Отмечается, Қостанай қаласында 19 сәуірде солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Бұл ретте Ақтөбе облысының оңтүстігінде тәулік бойы жауын-шашын болады (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
«Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20, түнде 23 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе қаласында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с дейін жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.

adimage