Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:07, 01-04-2019.

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«2 сәуірде түнде Түркістан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, 2 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, болады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қ: 2 сәуірде тұман болады, батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«2 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, тұман, жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Ақпарға сәйкес, 2 сәуірде Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай, шквал, бұршақ сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«Күндіз 2 сәуірде, тәулік бойы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі», - делінген хабарда.
Орал қ.: күндіз 2 сәуірде, тәулік бойы 3 сәуірде тұман, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің 18 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 96-98%.


Жаңалықтармен бөлісу: