Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы үш тәулікте бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалынан аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік және шығыс облыстарында атмосфералық фронттармен жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Батыс желінің күшеюімен бұрқасынның да болуы мүмкін. Ал тропосферада батыс ағындарымен Атлантикадан жылы және ылғалды ауаның келуімен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтерілуі күтіледі, бұл әдеттегі осы кезең үшін 2...5°С жоғары», - делінген сәрсенбі күні таратылған 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамында.
Қатысты сілтемелер
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14