Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы үш тәулікте күннің салқындауы күтілуде

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы үш тәулікте күннің салқындауы күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Демалыс күндері Қазақстанның барлық аймақтарында орташа көпжылдық мәннен 4…9°С-қа жоғары ауа температурасымен аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы байқалды. Бірақ Поволжье де орналасқан суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады», - делінген дүйсенбіде таратылған 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, оның жылжуына қарай республикадағы ауа райы өзгере бастайды.
«Алдағы тәулікте батыс облыстарында бұлтты ауа райы, кей жерлерде жаңбыр күтіледі және ауа температурасы төмендейді. Солтүстік-батыста 9 қыркүйекте, солтүстік және орталықта 10 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. Шығыста әлі де жауын-шашынсыз және бұрыңғыдай жылы. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғарғы жыраның ықпалынан әсіресе таулы және тау бөктері аймақтарында өткінші жаңбыр және найзағай күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage