Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады, көктайғақ, бұрқасын және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«19 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі», - делінген хабарда.
19 ақпанда күндіз Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.
19 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.
19 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 19 ақпанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
19 ақпанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 19 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
19 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
19 ақпанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 19 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
19 ақпанда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 ақпанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау қ.: 19 ақпанда таңертең және күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
19 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 19 ақпанда тұман күтіледі.
19 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 19 ақпанда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 19 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
19 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
19 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
19 ақпанда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 19 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады, көктайғақ, бұрқасын және тұман күтіледі
