Қазақстанның бірқатар өңірінде сәрсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірінде сәрсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«ҚР басым бөлігі бұрынғысынша ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады. ҚР бойынша кей жерлерде жел тұрады, шығысында шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +26+28.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +27+29.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +32+34.
Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +13+18 (солтүстігінде +10).
Түркістан облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Жамбыл облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +12+17.
Ақтөбе облысында оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +5+10 (солтүстігінде +2, оңтүстігі мен батысында +13).
Алматы облысында солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, түнде солтүстігінде -2 үсік жүреді. Күндіз +25+30 (батысында +20), түнде +2+7 (оңтүстігінде +12).
Павлодар облысында орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +8+13 (оңтүстігінде +5).
Қостанай облысында оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +8+13 (шығысында +5).
Қарағанды облысында түнде солтүстігінде -2 үсік жүреді. Күндіз +25+30 (солтүстігінде +22).
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-шығысында топырақ бетінде -2 үсік жүреді. Күндіз +22+27 (солтүстік-шығысында +18), түнде +2+7 (оңтүстігінде +12).
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +7+12 (оңтүстік-шығысында +3).
Жетісу облысында тауларында күн күркірейді. Күндіз +26+31, түнде +11+16.
Батыс Қазақстан облысында батысында және солтүстігінде күн күркірейді. Күндіз +27+32 (батысында +22), түнде +12+17 (оңтүстігінде +20).
Атырау облысында түнде батысында күн күркірейді. Күндіз +28+33, түнде +13+18 (солтүстігінде +10).
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28+33, түнде +17+22 (солтүстік-шығысында +12).
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +8+13 (оңтүстігінде +5).
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +25+30, түнде +7+12.
"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады", - деп ескертті синоптиктер.

adimage