Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстанның бірқатар өңірінде жұма күні жаңбыр күтіледі , деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Карск теңізі ауданынан соққан солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райысына ықпалын тигізеді, соған байланысты тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде түнде жауын-шашынды (көбіне жаңбыр жауады), күндіз жаңбыр жауады, тек оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауды. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 9-14. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде +1+3, топырақ бетінде 1-3 үсік жүреді.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Секундына 0-5 метр жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +15+17.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан 7-12 м/с жел оңтүстік батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +16+18.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде -1-5 үсік күтіледі. Күндіз +8+13, түнде +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде 1-5 градус үсік күтіледі. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел күшейеді, түнде кей жерлерде -1-5 үсік күтіледі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +12+17, түнде +2+7 (оңтүстігінде +12)
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +12+17.
Түркістан облысында ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +26 +31, түнде +10+15.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде -1-5 градус үсік күтіледі. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін тұман түседі, түнде кей жерлерде -1-5 градус үсік күтіледі. Күндіз +9+14, түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде 1-5 градус үсік күтіледі, күндіз +10+15, түнде 0+5.
Атырау облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 1-5 үсік күтіледі. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 1-5 градус үсік күтіледі. Күндіз +18+23, түнде +4+9.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы өзендерде судың құбылуы байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер.
Қазақстанның бірқатар өңірінде жұма күні жаңбыр күтіледі
