Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай байқалады: 07 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі», - делінген жұма күні таратылған алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында.
Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон сілемімен, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
«Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі. 07 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 08 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Жетісуда мәдени-демалыс жұмысын қолдауға Т14,5 млрд сұрауда
11 Қазан 2024, 16:22 -
Шымкентте теміржол өтпесін салуға Т6,7 млрд жұмсамақ
11 Қазан 2024, 14:46 -
Жамбыл облысында есіркінің ірі партиясымен екі ер адамды ұсталды
11 Қазан 2024, 12:55 -
Үкімет 2025 жылдың соңына қарай еліміздегі әуе кемелердің санын 120-ға жеткізбек
11 Қазан 2024, 12:51