Қазақстанның бірқатар өңірлерінде алдағы үш күнде қатты ыстық күтіледі

Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде алдағы үш күнде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Онда әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін», - делінген 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамында.
Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел күшейеді және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°С-қа дейін.

adimage