Қазақстанның бірқатар өңірлерінде алдағы үш тәулікте бұрқасын және қар жауады деп күтілуде

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде алдағы үш тәулікте бұрқасын және қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Циклон мен антициклондардың тез бірінен соң бірінің ауысуымен байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтіледі. Ал циклонмен байланысты атмсофералық фронттармен қар, бұрқасын және батыстан қатты жел күтіледі», - делінген сәрсенбіде 24-26 қаңтарға арналған ауа райы болжамында.
Хабарда айтылғандай, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмейді, бірақ атмосфералық фронттармен бұл аймақтарда жылбысқы қар, таулы аймақтарда қатты қар, көктайғақ және тұман күтіледі.
Сонымен қатар, «Қазгидрометте» сәрсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады.
«23 қаңтарда Солтүстік Қазақстанда кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген хабарда.
Осындай жел мен бұрқасын Петропавлда да күтілуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage