Қазақстанның бірқатар облыстарында алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар облыстарында алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан арқылы ақырындап жылжып жатқан суық атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын болады. Ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді. Ал демалыс күндері сол фронттардың ықпалынан Қазақстанның қалған аумағында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн суытады. Орталықта және шығыста түнгі температура минус 1…5°С-қа дейін төмендейді», - делінген 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктердің ақпарынша, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 градустық ыстықтан кейін дүйсенбі күні термометрдің сынап бағанасы күндіз тек плюс 12…18°С көрсетеді.

adimage