Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту сақталады

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту сақталады, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер.
«24 қыркүйекте Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 метрге, 30 метр және одан да жоғары болады», - деді сейсенбідегі «Елдегі өрт жағдайы туралы» брифингте Беккер.
Ол осыған ұқсас жағдайдың Павлодар облысында да сақталатынын айтты.
«Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%. Яғни күші секундына 20 метрден асатын жел тұрса – бұл дауылды жел деп саналады, ал секундына 30 метр және одан жоғары болса – метеожағдайдың төмендеуі күтіледі, бұл электр тоқтары сымдарының ұзілуіне, шатырлардың ұшуына және т.с.с жағдайларға алып келуі мүмкін», - деп түйді сөзін ТЖК басшысы.

adimage