Қазақстанның бірқатар облысында алдағы күндері күн салқындайды

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар облысында алдағы күндері күн салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады», - делінген 18-20 мамырға арналған дүйсенбідегі ауа райы болжамында.
20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.
«19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12 жылыға дейін, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 жылыға дейін төмендейді. Республика бойынша жекелеген аудандарда желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage