Қазақстанның бірқатар облысында алдағы үш тәулікте қатты жауын-шашын күтіледі

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар облысында алдағы үш тәулікте қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлант мұхитынан келіп жеткен кезекті антициклон солтүстік-батыс циклонымен батыстан шығысқа қарай қатар жылжи отырып, белсенді фронталды бөліктерді қалыптастырады. Соның салдарынан қар, жауын жауып, елдің оңтүстігі мен шығысында қалың қар түсіп, нөсер жауын жауады. Ауа температурасы құбылмалы болады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады», - делінген 4-6 наурызға арналған ауа райы болжамында.

adimage