Қазақстанның біраз облысында жұма күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның біраз облысында жұма күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Кетіп бара жатқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым өңіріндегі ауа райыны анықтайтын болады. Кей жерлерде жауын-шашын болады (көбіне қар). Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді, республиканың солтүстігінде бұрқасын боалды», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз 0-2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +5+7.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +7+9.
Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын тұрады, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді. Күндіз -2+3, түнде –5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1+4, түнде -2.-7.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -1-6.
Қостанай облысында да кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын соғады, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде +3), түнде -5-10.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде -4+1.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде -3-8.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, арты қарға ұласады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде -3+2.
Атырау облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде -2+3.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман. Күндіз +2+7, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 18 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді. Қазақстанның жазықтық аумағындағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.


adimage