Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел тұрып, сулы қар жауады деп болжануда

Күні: 18:08, 10-10-2018.

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның бірнеше өңірінде синопткитер қатты жел тұрып, сулы қар жауады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«11 қазанда Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген дауылды ескертуде.  
Астана қ.: 11 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күтіледі.
Сонымен қатар, осы аптада ҚР бірнеше өңірінде жауын-шашын және қатты жел тұрады деп болжануда.  
«12-13 қазанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ауысады). Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз ауа температурасы 3-10 жылыға дейін төмендейді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: