Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:59, 28-12-2018.

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«29 желтоқсанда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі. Шымкент қ.: 29 желтоқсанда күннің екінші жартысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 29 желтоқсанда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген жұмадағы дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«29 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 29 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді «Қазгидрометтен».
29 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Сенбі күні Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Актау қ: 29 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«29-30 желтоқсан аралығында Алматы облысының өзендері мен Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының құбылмалығына байланысты өзен арналары ысылу себебінен су деңгейлерінің көтеріліп арналарына шығуы мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: