Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Астана. 21 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын», - делінген сейсенбідегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Нұрымбетов 2017 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан кәсіподақ федерациясы төрағасының бірінші орынбасары, 2017 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2015-2017 жылдары денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін ЕХӘҚМ болған Бердібек Сапарбаев Қазақстан вице-премьері болып тағайындалды.

adimage