Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«29 қарашада-01 желтоқсанда Алматы облысының Алакөл өзендері ауданындарында жел оңтүстік-шығыстан, күші 18-23, екпіні 28 м/с», - делінген жексенбідегі дауылды ескертуде.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман. Орал қ.: көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

adimage