Қазақстанның екі облысында бұрқасын күтіледі

Күні: 15:27, 22-11-2018.

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның екі облысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«23 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Орал қ.: күндіз 23 қарашада солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді», - делігнген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.
«23 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, онтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
22 қарашада күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік батысында 30 м/с және аса күтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: