Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ақтау қаласында 19 ақпанда бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
«19 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстын соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Шымкент қаласында 19 ақпанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 19 ақпанда екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage