Қазақстанның екі облысында сәрсенбіде дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:27, 12-03-2019.

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның екі облысында сәрсенбіде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«13 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан 17-22 м/с күтіледі. Қостанай қ: 13 наурызда жел оңтүстік-батыстан 17-22 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: