Қазақстанның екі облысында шілде айында жауын-шашын тапшылығы болжанады

   Астана. 27 маусым. ҚазТАГ-Қазақстанның екі облысында шілде айында жауын-шашын тапшылығы болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
"Статистикалық болжамға сәйкес, жауын - шашын тапшылығы тек Ақтөбе облысының Айтеби ауданында, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында ғана күтіледі", - делінген дүйсенбіде таратылған шілдедегі құрғақшылық болжамында.
Алматы облысының Кербұлақ ауданы мен Қонаевқа орташа ылғалды жағдай болжанады.

adimage