Қазақстанның энергетика вице-министрі тағайындалды

Күні: 12:29, 03-07-2019.

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның энергетика вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Жүребеков 2017–2019 жылдары — «PSA» ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы), 2015 - 2017 жылдары «PSA» ЖШС экономика, қаржы, аудит және бюджет бойынша басқарушы директор, 2012 - 2015 жылдары «PSA» ЖШС бизнесті және жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: