Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ - Данияр Дәуірәлиев. Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы отандық дәрілердің үлесі 37% құрайды.
«Қазір біз импортқа байланысты 63% цифрына шықтық. Біздің елдің жалпы нарығында (фармацевтикалық өнімдердегі – ҚазТАГ) отандық өндірістің үлесі 37%», - деді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық жұмысқа бақылау жасау комитетінің фармацевтикалық инспектораты басқармасының жетекшісі Ботагөз Смағұлова ҚазТАГ тілшісіне сәрсенбі күні.
Оның айтуынша, Қазақстандық өндірістің дәрі препараттары негізінен Орталық Азия елдеріне экспортталады. Бұл ретте Қазақстандық өндірушілер үшін Өзбекстанда валютаны конвертациялау елеулі проблама болып отыр.
«Біздің өндірушілер өз өнімдерін Өзбекстанға экспорттағысы келеді, бірақ конвертацияға байланысты мәселе шешілмеуі оларға кедергі болып тұр», - деді ол.
Одан басқа, Б. Смағұлова түсіндіргендей, Ресей нарығына шығу үшін біздің өнімдер бәсекеге қабілеттілігі жоғары болуы керек.
«Олардың нарығы қазір қорғалған», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50