Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР ЦДИАӨМ министрінің бұйрығымен Қажмұқан Ахматдинұлы Бекмұқашев Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Бекмұқашев 2019 жылғы тамыз айынан қарашаға дейін – ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы, 2016-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы болған. Ал 2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары болды.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51