Қазақстанның Грузиядағы істерінде сенім жүктелген өкілі ӘДІЛ ТҰРСЫНОВ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ГРУЗИЯНЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЗОР

 

Тбилиси. 17 желтоқсан. ҚазТАГ – Гиорги Циклаури. Қазақстан мен Грузияның сауда-экономикалық келешегі зор. Атап айтқанда, Қазақстан Грузияның жаңа үкіметімен «Жібек жолы» жобасын дамыта береді, Астана Қара теңіздің жағалауында астық терминалын салу мәселесін әлі күн тәртібінен алып тастаған жоқ, сондай-ақ Қазақстан «ҚТГ-Тбилиси» компаниясына өзінің менеджментінің оралуына сенеді. Екі елдің қарым-қатынасындағы осы және басқа да мәселелер туралы ҚазТАГ агенттігіне Қазақстанның Грузиядағы сенім жүктелген өкілі Әділ Тұрсынов айтып берді.

 

- Қазaқстанның Грузиядағы елшілігінің 2013 жылға арналған жұмыс жоспарының басымдықтары туралы айтып беріңізші?

 

 - Ең басты басымдылық – Қазақстан Грузия арақатынасын одан ары нығайта түсу.

Біз дос мемлекеттерміз, біздің достығымыз тарих тереңіне кетеді. Бізде Грузиямен өзара тиімді жұмыс атқаратын бағыттар өте көп. Бірінші кезекте ол экономика саласындағы жобалар. Біз Грузияның жаңа үкіметімен осы бағытта жемісті жұмыс атқарамыз деп ойлаймын.

 

- Соңғы кездері Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық сәл бәсеңсіген деген пікір бар. Оның қаншалықты жаны бар?

 

- Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы Грузияға сапары қазақстандық инвестицияларға «жасыл жарық» берді. Одан соң Қазақстандық бизнес Грузияға батыл ене бастады. Қазір мұнда «БТА-Банк» пен «Халық Банк», «ҚазТрансГаз», және «ҚазМұнайГаз-Сервис», «Ромпетрол», «ҚазТрансОйл» компаниялары белсенді жұмыс атқаруда. «ҚазТрансОйл» Батуми теңіз портын мұнай терминалымен бірге сатып алды. Бірнеше жыл бойына біз Грузиядағы белді инвестор болып, бірінші, екінші, үшінші орындар алып отырдық. Қазақстан бизнесі грузиялық экономикаға ене бастады.

Ешқандай объективті себептерге қарамай, 2008 жылғы соғыстан кейін де, 2009-2010 жылғы қаржылық дағдарыстан соң да ешқандай компания бұл жерден кетпеді. Сондықтан мен экономикалық ынтымақтастық қарқыны бәсеңсіген деп айтпаған болар едім. Барлық компаниялар өз жоспарларын жүйелі түрде орындауда. «ҚазМұнайГаз-Сервис» Ликани қаласында шипажай кешенін салуды аяқтап келеді. Батуми порты бұрынғысынша жүк тасымалдауда. «Ромпетрол» да Грузияда белсенді. «БТА-Банк» пен «Халық Банк» жұмыс атқаруда. Біз бір жыл бұрын Алматымен арада авиарейс ашылғанына қуаныштымыз. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша белсенді жұмыс атқарудамыз және оның сауда-экономикалық келешегі зор.

 

- Биыл 17 қарашада Қазақстан вице-премьерінің Грузияға жасаған сапары екі жақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңін көрсете ма?

 

- ҚР премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың жасаған сапары Грузиядағы сайлаудан соңғы алғашқы сапары болды. Бұл жаңа үкімет өкілдерімен алғашқы байланыс болды. Ол байланыс оң нәтиже берді. Сапардың негізгі мақсаты - Грузияның салық және кеден саласындағы әкімшілік ету тәжірибесін зерттеу болды. Сондықтан делегация құрамына Болат Жәмішев, көлік және коммуникацуия министрі – қазақстан-грузиялық үкімет аралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы Асқар Жұмағалиев, кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев болды. Әрине кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелерін көтеру көзделді, және ол қаржы министрі  Нодар Хадуримен, экономика министрі Георгий Квирикашвилимен және бірінші вице-премьер, энергетика министрі Каха Каладземен өткен кездесуде көтерілді. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетінің үлкендігін атап, оны іске асыру туралы уағдаластық.

 

- Айтпақшы, грузиялық БАҚ-тар негізгі назарды мемлекет тағайындаған басқарушы басқаруындағы «ҚТГ-Тбилиси» компаниясына аударды...

 

 - Келіссөздер кезінде көптеген мәселелер көтерілді. Оның ішінде зейнет жүйесінде Қазақстан тәжірибесін зерттеуден бастап, «Жаңа жібек жолы» жобасын іске асыруға дейін бар. Бірақ журналистердің негізгі назары «ҚазТрансГаз» компаниясының «ҚТГ-Тбилиси» менеджментіне қайта келуіне аударылды. Қазақстандық тарап ол компанияға қайта келуді қолдайтынын білдірді. Біз сондай-ақ, ол проблема Грузиядағы жаңа үкіметке бұрынғы үкіметтен қалған мұра екенін айттық.

Біз бұл мәселе оң шешіледі деп отырмыз, себебі грузиялық тарап оның маңыздылығын түсініп отыр. Келіссөздер өте оң бағытта өтуі, бұрынғы үкімметтен қалған проблемалар жақында шешіледі деп үміт етуге мүмкіндік береді.

Біздің қаржы министрлеріміз Грузияның Қазақстан алдындағы қарыздарын қайтару туралы уағдаласты. Жақында сарапшылар кездеседі. Жақында «ҚазТрансГаз-Тбилиси» компаниясына қатысты да проблемаларды шешу үшін ақтық кездесулер өтпекші.

 

- Алда басқа да сапарлар жоспарланған ба?

 

- Қазіргі кезде сыртқы істер министрліктерінің арасында консультация өткізу жоспарлануда. Ол үшін Грузия парламентінде Қазақстан парламентінде құрылғандай екі ел арасындағы достық тобы құрылуы тиіс. Жақында біз Давид Усупашвилимен кездесіп, аталған мәселені талқыладық. Ондай топ жақында құрылмақшы, одан кейін заң органдарының желісіндегі ынтымақтастықты жандандырмақшымыз.

Одан басқа, келесі жылы Астанада екі ел арасындағы сауда –экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкімет аралық комиссия кезекті отырысын өткізеді.

 

- Қандай мәселелер талқыланбақшы?

 

- Бізде келешекке деген бірнеше мәселелр бар. Олардың біріншісі – ҚР президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен «Жаңа жібек жолы» жобасы бар. Сарапшылар Еуропа мен Қытай арасындағы сауда бүгінге 500 млрд долларды құрайды дейді. 2020 жылға қарай ол 800 млрд долларға дейін артады. Сондықтан біз осы жүк ағымының бір бөлігі Оңтүстік Кавказ және Қазақстан арқылы өтуі үшін Грузия үкіметімен жұмыс атқарудамыз. Біз өз тарапымыздан қажет инфрақұрылымдарды жасадық. Кеңестік дәуірде біздің темір жолдарымыз солтүстік-оңтүстік бағытта болатын. Енді біз жаңа темір жолдар салып, енді жүк ағымын шығыс-батыс бағытында, Ақтау портына дейін бұрдық, Біз оған үлкен қаражат салдық. Ақтаудан жүктер теңіз арқылы Бакуге жеткізіледі, одан темір жолмен Поти мен Батуми порттарына дейін жеткізіледі. Біз әрине Батуми портына қызығамыз, себебі ол «ҚазТрансОйл» компаниясына тиесілі. Әрине, оған қоса Баку – Тбилиси – Карс темір жолы бар, онымен Турикия, Еуропаға да жүк жөнелтуге болады.

Грузияның транзиттік әлеуеті зор. Қазір Қазақстан мен Грузия SilkWind жобасымен жұмыс атқаруда. Ол бойынша Қытай мен Еуропа арасында контейнерлік тасымалдау жүзеге асырылады. Жақында Туркияда сарапшылар кездесуі болып өтті. Бұл жобанің келешегі зор, және грузиялық тарап бұған қызығушылық танытып отыр.

 

- Айтпақшы, «Жаңа жібек жолы» жобасы туралы айтсақ. «Жібек жолы» аясында шекара және кедендік процедуралар қалай ретке келтірілуде?

 

- Ол аяқталып келеді. Біздің сарапшылар кедендік рәсімдеуге қатысты құжаттарды бір жүйеге келтіріп, барлық шекарада оларға құжаттар рәсімдеу қажеттігінен арылтпақшы. Жұмыс қарқынмен жүргізілуде. Президент Н. Назарбаев бұл жобаны бастай отырып, оның аясында «5С қағидасын» - скорость, сервис, стоимость, сохранность және стабильность – (жылдамдық, сервис, құны, сақталуы мен тұрақтылығы) іске асыру қажет деп айтты. «Жібек жолы» жұмыс істеп кетуі үшін ол өте маңызды. Мұның барлығын кешенді түрде жүргізіп, жүктер ешқандай кешікпей екі бағытта да жүріп тұруы керек. Қазақстан, Грузия, Әзербайжан Түркия сарапшылары осы мәселені қарап, оны SilkWind аясында шешпекші. Жүктерді жылдам қозғау тұрғысынан аталған жол Суэц каналы арқылы Қытайдан Еуропаға апарар жолдан қысқа болады.

 

- Қазақстан салынған инвестциияны қалай бағалауда және келешекте қазақстандық жеке капиталды тарту мүмкіндігі қандай?

 

- Грузияда «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі алты компания жұмыс атқарып жатуының өзі Грузияның сауда-экономикалық тұрғыдан Қазақстан үшін маңызды серіктес екендігін көрсетеді. Қазақстандық бизнестің мұнша шоғырлануын басқа жерден кездестіру қиын. Әрине, әр компанияда қандай да проблемалар бар болғанымен біз оларды жүйелі түрде шешіп отырмыз. Барлық жобалар дамып отыр және біз олардан қайтарым да көрудеміз. Бұл қазақстандық басқа компаниялар үшін оң сигнал. Олар проблемалардың оң шешіліп отырғанын көріп, Грузияға келе берулеріне болады.

Белгілі проблемаларға байланысты – ол 2008 жылғы соғыс пен «ҚТГ-Тбилиси» компаниясының төңірегіндегі проблемаллар қазақстандық бизнеске секем түсіргені бар. Бірақ қызығушылық та бар. Мысалы, бірнеше қазақстандық компания Грузияда жылыжай салып, онда жеміс пен көкөніс өсіріп, оны кейін Қазақстанға жөнелтумен айналысады. Шағын ғана жеке мұнай компаниясы осында шағын учаскеде мұнай бар-жоқтығын тексеріп жатыр.

 

- Грузияның Қара теңіз жағалауында астық экспрортының терминалын салу қаншалықты өзекті?

 

- Грузияда Поти портында астық терминалы бар, және қазақстандық диқандар оны пайдалана алады. Біз Батуми портын сатып алғанда, онда астық терминалын салу проблемасы да тұрды. Қазір астық терминалын салу мәселесі әзірге шешілген жоқ, десек те күн тәртініде тұр. Бұл мәселе қазір белсенді түрде талқылануда және Баку – Тбилиси – Карс темір жолының салынуын күтіп тұр. Астықты Туркия мен Еуропаға экспорттау үшін оны біздің астық экспорттаушылар да күтіп отыр. Қазақстанның астық экспортының әлеуеті мол, сондықтан біз Оңтүстік Кавказ арқылы да астық экспорттауға мүдделіміз. Сондықтан аталған жоба әлі күн тәртібінде. 

Батуми порты туралы айтсақ, ол табыспен жұмыс атқаруда. Бірақ қазір жүк айналымы аздап төмендеді. Егер Бакуден Батумиге дейін темір жол тарифтері бәсекеге қабілетті болса, онда ол осы бағытпен Қазақстан экспортын арттырған болар еді. Оның үстіне келесі жылдан бастап «Қашаған» кенішінде мұнай өндірісі басталады. Оны да осы бағытқа тартуға болады, бірақ ол үшін қарқынды жұмыс жүргізілуі керек.

 

- Қазақстандық инвесторлар Аджарияда шипажай нысандарын сатып алғанда, мұнда қазақстандық туристер ағылады деп күтілген еді. Бұл салада алға жылжушылық бар ма?

 

- Иә, прогресс бар, ол былтыр Алматы мен Тбилиси арасында тікелей авиақатынас ашылған соң мүмкін болды. Егер ол алғашқыда аптасына үш рейс болса, биыл төртінші рейс қосылды. Қазір біз Астанаға рейс ашылады деп күтудеміз. Тбилиси мен Астана арасында екі рейс ашылады деп күтілуде. Қазір бізде аптасына алты рейс бар – төртеуі Алматыға, екеуі – Ақтауға. Келесі жылдың басында Астанаға екі рейс ашылып, аптасына сегіз рейс болады. Грузия қарым-қатынас жасайтын көптеген елдерде мұншама авиарейстер көп емес. Және ол ұшақтар үнемі толып ұшады, «Эйр Астана» - риза.

Туристер саны артты. Биыл жазда Тбилисиге ұшқысы келгендер үш апта бұрын билет алуға мәжбүр болды. Біздің рейстермен тек қазақстандық туристер ғана емес, Азия туристері де пайдалана бастады, себебі Тбилисиден Еуропаға ұшатын рейстер көп. Ал шығыс бағытында ұшатын авиарейстер аз, шығысқа бізден басқа қытайлық авиажелі – Үрімшіге бар. Енді біздің рейстермен Оңтүстік Азия елдерінен – Жапония мен Оңтүстік Корея өкілдері Қазақстан арқылы Грузияға келе бастады. Олар туристер мен бизнесмендер.

Туристік әлеует өте жоғаы. Жазда ол теңіз, Аджария жағалауы, снымен қатар Грузияның вино турына да қызығушылық бар, ал қыста тау шаңғысына деген қызығушылық бар. Грузияда жылдың төрт маусымы да туристерге қызық. Егер бұрындары Мәскеу не Стамбул арқылы ұшатын болса, енді тіке рейспен ұшып келуге болады.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage