Қазақстанның ІІМ тергеу департаментінің бастығы тағайындалды

Күні: 11:29, 06-11-2019.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы тағайындалды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
«Президент әкімшілігінің келісімімен ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы қызметіне полиция полковнигі Әділов Санжар Әскенұлы тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Әділов әр жылдары құқыққорғау органдарының  тергеу бөлімшелерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ІІМ тергеу департаментінде жұмыс жасаған. 2013 жылдан бері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: