Қазақстанның көліктегі полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның көліктегі полиция департаментінің бастығы тағайындалды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
«Президент әкімшілігінің келісімімен көліктегі полиция департаменті бастығының қызметіне полиция полковнигі Бекиев Оңал Ботайұлы тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Бекиев бұған дейін ІІМ кадрлық саясат департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. Алматы облысы және көліктегі полиция департаменттерінің бастығының орынбасары болған.

adimage