Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күші тыныш, конституциялық, заңды жолмен билікті беруде деп санайды, деп хабарлады «Коммерсант».
«Бүгінде Қазақстанның күші – тыныш, конституциялық, заңды жолмен билікті беруде. Ел дамуының стратегиялық бағытының сабақтастығында. Биліктің барлық тармағы мен мемлекеттік институттардың сараланған жұмысында. Және ең бастысы, біздің бастапқы құндылықтарымызда – бейбітшілдік пен толеранттылық, жаңа білімге деген ашықтық, рухани жомарттық пен ынтымақтастық», - деді Тоқаев.
Бұл Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тапсырғанына екі апта өткеннен кейін саяси жүйеде «сілкіністер» сезілуде ме, әлде биліктің жаңа құрылымы өзінің беріктігін растады ма деген сұраққа берілген жауап болатын.
«Сіз айтып отырған «сілкіністер» егер олар шын мәнінде біздің қоғамда сезілетін болса, біз оларға еліміздің таусылмайтын энергиясының топталуы және Қазақстан дамуының жаңа импульсының белгілері ретінде ғана қараймыз», - деп санайды Тоқаев.
Еске салсақ, 19 наурызда Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысы лауазымындағы өкілеттігін тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті президент сайлауына дейін мемлекетті уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
Қазақстанның күші тыныш, конституциялық, заңды жолмен билікті беруде – Тоқаев
