Астана.27 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді тәркіледі, делінген ведомствованың хабарламасында.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті. ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді. Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08