Қазақстанның ХҚКО-лары мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдау тәжірибесін жалғастыруда

Күні: 15:56, 31-10-2014.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдау тәжірибесін жалғастырады, деп мәлім етті инвестиция және даму министрі Асқар Жұмағалиев.  
«ХҚКО тек қызмет ұсынушы ғана емес, ол мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдаушы да, себебі өздеріңіз де байқаған боларсыздар оператор болып мүмкіндігі шектеулі жан да жұмыс жасай алады.  Міне ХҚКО-да қазіргі таңда сондай  203 азамат бар.  2013 жылы олардың саны 114 болатын. Әрине, біз бұл тәжірибені жалғастырамыз, себебі шын мәнісінде ХҚКО-да осындай азаматтар жақсы жұмыс жасайды», - деді А.Жұмағалиев жұмада парламент сенатының депутаттарымен кездесуде.  
Қазақстанда 260 ХҚКО жұмыс жасап жатыр.  


Жаңалықтармен бөлісу: