Қазақстанның халықаралық резерві 2020 жылы $94,4 млрд. құрады

Алматы. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның халықаралық резерві 2020 жылы $3,6 млрд. өсті, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.
«Елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша 2020 жылы 3,6 млрд АҚШ долларына өсті», - деді Досаев сейсенбідегі үкіметтің онлайн-отырысында.
Оның айтуынша, Ұлттық банктің алтын портфелі $4,7 млрд өсіп, 2020 жылдың соңына дейін 388 тоннаны құрады.
АВР құрамындағы еркін айырбасталатын валюта активтері $12,1 млрд. дейін өсті, яғни жылына $2 млрд-ға өскен, деді Досаев.

adimage