Қазақстанның халықаралық резерві $88,2 млрд жетті

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанның халықаралық резерві $88,2 млрд жетті, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.
«Ұлттық қор активтерін қоса алғанда жалпы елдің халықаралық резерві $88,2 млрд жетті», - деді Біртанов жұма күні "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымында.
Сондай-ақ, ол мәлімдегендей, ағымдағы жылдың 1 қазанында Ұлттық банктің жиынтық алтын валюталы резерві алдын-ала болжам бойынша, $28,8 млрд. құраған.

adimage