Қазақстанның халықаралық резервтері 1 қыркүйекте $87,3 млрд құрады

Күні: 19:02, 03-09-2018.

Алматы. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - 2018 жылдың 1 қыркүйегінде алдын-ала болжам бойынша  Қазақстанның халықаралық резервтері 87,3 млрд долларды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланды.
«2018 жылдың 8 айында Қазақстанның Ұлттық банкінің алтын валюталы резерві алдын-ала болжам бойынша $30,8 млрд. Елдің халықаралық резерві (Ұлттық банк активтерін қоса алғанда) $87,3 млрд», - деп келтіреді баспасөз қызметі бас реттеуші Данияр Ақышевтің сөзін.
Дүйсенбідегі брифингте қаржылық реттеуші атап өткендей, Қазақстанның ақша нарығында ноттарды шығару басымдығын ығыстырып, артық өтімділік сақталуда.
29 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан ұлттық банкінің таза өтімділікті алуы (ашық позиция)   Т2,2 трлн. құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: