Қазақстанның халықаралық резервтері 2019 жылдың қаңтар айының соңында $88,8 млрд құрады

Күні: 15:23, 08-02-2019.

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ -Қазақстанның халықаралық резервтері 2019 жылдың қаңтар айының соңында 1,08% қысқарып, $30,592 млрд. жетті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Ұлттық қор активтері 2019 жылғы қаңтар айының соңында, Ұлттық банк ақпарынша, 0,91% өсіп, $58,246 млрд-қа жетті
Осылайша, ұсынылған ақпарға сәйкес, Қазақстанның халықаралық резервтері 2019 жылғы қаңтар айының соңында $88,838 млрд-қа жетті. Бұған дейін ҚазТАГ Қазақстанның халықаралық резервтері 2018 жылдың соңында $88,628 млрд құрағанын айтқан еді. Ал 2019 жылғы Қазақстанның халықаралық резервтері 0,2% өскен.
Таза халықаралық резервтер 2019 жылғы қаңтар айының соңында 1,11% түсіп, $30,102 млрд дейін жетті.
ЕАВ-дағы активтер 2019 жылы қаңтарда 5,83%-ға түсіп, $15,572 млрд-қа дейін жетті. Алтындағы активтері 4,37% ұлғайып, $15,020 млрд. болды


Жаңалықтармен бөлісу: