Қазақстанның халықаралық резервтері қазан айында 0,9%-ға ұлғайып $105,1 млрд-қа жетті

Күні: 10:54, 07-11-2014.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның халықаралық резервтері 2014 жылдың қазан айында 0,92%-қа дейін ұлғайып, $105,109 млрд дейін жетті. Ондай мәліметтерді ҚР Ұлттық банкінің сайтына жұма күні жарияланды.
Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанның халықаралық жалпы резервтері ағымдағы жылдың қазанында 1,12%-ға ұлғайып, $28,274 млрд дейін жеткен, соның ішінде таза халықаралық резервтер - 1,35%-ға өсіп $27,478 млрд дейін.
Ұлттық қор активтері 0,84%-ға ұлғайып, $76,835 млрд сомаға жетті. ЕАВ-дағы активтер бір ай ішінде 2,21%-ға өсіп көрсетіп, $21,261 млрд құрады. Алтындағы активтер 2,04%-ға азайып $7,013 млрд дейін жетті.


Жаңалықтармен бөлісу: