Қазақстанның халықаралық резервтері тамызда 0,35% қысқарып, $87,31 млрд құрады

Алматы. 12 қыркүйек. ҚазТАГ -Қазақстанның халықаралық резервтері 2018 жылдың тамыз айында 0,35%, ал жыл басынан бері 1,98% қысқарып, $87,314 млрд. жетті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Ұсынылған ақпарға сәйкес, Қазақстанның халықаралық резервтері тамызда 0,2% түсіп (жыл басынан бері – 0,11% өсіп) - $30,779, соның ішінде таза халықаралық резервтер 0,21% ( жыл басынан бері +0,16%) өсіп, $30,282 млрд дейін жетті.
Ұлттық қор активтері бір айда 0,43% азайып, $56,535 млрд-қа жетті. ЕАВ-дағы активтер бір айда 0,48%-ға түсіп (-1,58%), $17,959 млрд-қа дейін жетті. Алтындағы активтері 0,19% ұлғайып (+2,58%), $12,821 млрд. болды

adimage