Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ – 9 қазан күні ғұмырының 87-ге қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСРО еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Шерхан Мұртаза дүниеден озды, деп хабарлады Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли.
«Халық жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден озды», - деп жазылған сейсенбіде оның әлеуметтік парақшасанда.
Еске салсақ, Ш.Мұртаза өзінің шығармашылық жолын студенттік жылдары Лазарь Лагинннің «Хоттабыч қарт» («Старик Хоттабыч») пен Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» («Радость нашего дома») шығармаларын қазақ тіліне аударудан бастаған. «Құрылысшы Даку» алғашқы очерктер жинағы 1958 жылы жарыққа шықты. Ш.Мұртаза «Қара маржан», «Қызыл жебе» романдарының, «Сталинге хат» пен «Бесеудің хаты» пьесаларының авторы. Оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Лазарь Лагинннің «Хоттабыч қарт» («Старик Хоттабыч») пен Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» («Радость нашего дома») шығармаларынан басқа ол венгер халық ертегілерін, Ганс Христиан Андерсан мен Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден озды
