Атырау. 20 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның колледждері мен ЖОО-ларында жыл сайын 7,5 мың маман дайындалуда, деп мәлім етті ҚР премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова дүйсенбі күні.
«Жыл сайын колледждер 4,5 мың түлекті, ЖОО-лар 3 мың түлекті шығарып отыр. Қорытындысында - 7,5 мың адам», - деді ол Атырауда өткен «Дуальдық білім беру жүйесін енгізу аясында мұнайгаз компанияларымен серіктестікті нығайту» тақырыбындағы кеңесте.
Г. Әбдіхалықованың айтуынша, еліміздің 31 колледжі мен 6 ЖОО-лары мұнайгаз саласына 12 мамандық пен 70 біліктілік саласында мамандар дайындауда.
«Теңіз, Карашығанақ және іске қосылатын Қашаған кеніштеріне, сондай-ақ үш МӨЗ-ге қажет кадрларды дайындауды бірізділікке келтіру қажет.
Ол үшін мұнайгаз, мұнай өңдеуші компаниялар, әкімшілік және білім министрлігі, энергетика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінен үшжақты келіссөздер жөніндегі топ құрылады», - деді Г. Әбдіхалықова.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03
-
Астанада екі қиылыстағы учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды7 Маусым 2023, 19:02
-
Қасымбек Тоқаевқа Астананы сумен қамту жағдайы туралы баяндады7 Маусым 2023, 18:46
-
Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын «Антикор» растады7 Маусым 2023, 18:40