Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Күні: 11:24, 14-02-2019.

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – Елдос Рамазанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің сайтынан.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Елдос Рамазанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарда.
Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, ұлттық компанияларда жұмыс істеген.
2004–2006 жылдары — Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары — ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің аппарат жетекшісі қызметтерін атқарған.
2018 жылғы ақпаннан бастап «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ЗТБ төраға кеңесшісі, бас директор лауазымдарын атқарған. 2018 жылғы маусымда «Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ бас хатшысының орынбасары болып тағайындалған.
С 2018 жылғы қазан айынан бастап — «Дзюдо федерациясы» РҚБ вице-президенті.


Жаңалықтармен бөлісу: