Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізілмек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: «3-1. «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз», - делінген үкімет қаулысының жобасында.
Түсіндірме жазбада айтылғандай, бұл жоба премьер-министр Асқар Маминнің 2019 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес әзірленген.
«Жобаны қабылдау қазақ халқының үздік дәстүрлерінің сақталуына, адамдарда мейірімділікті, қайырымдылық пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал етеді», - деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова түсіндірме жазбасында.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53