Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алдағы үш күнде жауын-шашынсыз, қатты ыстық ауа райы сақталады

Күні: 18:10, 05-08-2019.

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алдағы үш күнде жауын-шашынсыз, қатты ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы және 35…42°С дейін қатты ыстық сақталады. Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуымен батыс және солтүстік-батыс аймақтарынан басқа жерлерде 6 тамызда республиканың басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, сонан соң Мурманск аймағынан салқын ауа массаларының ағынымен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасының күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, кей жерлерде 30 градус жылы болжанады», - делінген 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамында.


Жаңалықтармен бөлісу: